Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін қосылымдарды қосу

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін қосылымды қолжетімділер тізіміне қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Құрылғыны табу → Cloud түйінін таңдаңыз.
  2. Терезенің жұмыс аймағында Сауалнама параметрлерін конфигурациялау басыңыз.

    Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін қолданылатын қосылымдар тізімі бар сипаттар терезесі ашылады.

  3. Қосу түймесін басыңыз.

    Қосылым терезесі ашылады.

  4. Алдағыда бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу мақсатымен қолданылатын қосылым үшін бұлтты орта атауын көрсетіңіз:

    Бұлтты орта

    Егер сіз AWS таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:

    Бұлтты ортаны конфигурациялау шебері тек бір ғана AWS IAM қатынас кілтін көрсетуге мүмкіндік береді. Кейінірек, сіз басқа бұлттық сегменттерді басқару үшін басқа қосылымдарды да көрсете аласыз.

    Егер сіз Azure таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:

    • Қосылым атауы
    • Azure бағдарламасының идентификаторы.
    • Azure жазылым идентификаторы
    • Azure бағдарлама құпиясөзі.
    • Azure сақтау орнының есептік жазба атауы
    • Azure сақтау орнының қатынас кілті

    Егер сіз Google Cloud таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:

    • Қосылым атауы
    • Клиенттің электрондық поштасы
    • Жоба идентификаторы
    • Жеке кілт
  5. Қаласаңыз, Сауалнама кестесін орнату тармағын таңдап, әдепкі бойынша белгіленген параметрлерді өзгертіңіз.

Қосылым бағдарлама параметрлерінде сақталады.

Жаңа бұлттық сегментте бірінші сауалнама өткізгеннен кейін, Басқарылатын құрылғылар\Cloud басқару тобында осы сегментке сай келетін ішкі топ пайда болады.

Дұрыс емес есептік деректерді көрсеткен болсаңыз, онда бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу кезінде даналар табылмайды, ал жаңа ішкі топ басқару Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобында көрсетілмейді.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Басына оралу